Cотталғандар арасында шахмат,шашка,қол-күрес ойындарынан жарыс өтті
Cотталғандар арасында шахмат,шашка,қол-күрес ойындарынан жарыс өтті
Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді.Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 29-қыркүйек күні тиісті заңға қол қойды.Осыған орай Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне бағынысты 58 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында шахмат,шашка,қол-күрес ойындарынан жарыс өтті.Олар жарысқа ерекше ықыласпен келгендерін көрсетіп,жарыс барысында өздерінің жүзден жүйрік мыңнан тұлпар екендерін көрсетті.Іс-шараның мақсаты сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін,моральдық-этикалық түсінікті арттыру,сотталғандардың салауатты өмір салтын арттыру болып табылады.Жарыс сонында жеңімпаз сотталғандар анықталып мекеме бастығының атына марапаттауға ұсынылды.