Екі баласын өлтірді деген күдікті әйел Шымкенттегі қонақ үйден ұсталды
Түркістанда жалдамалы пәтерге барып, екі баласын өлтірді деген күдікті әйел қолға түсті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
“Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды”,- деп хабарлады Түркістан облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпанда Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылған болатын. Балалардың анасы оларды өлтірдім деп танысына қоңырау шалған және денелері жатқан пәтердің мекен жайын берген.
Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динарв Зәкиева Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен мәйіттері табылған екі баланы аналары өлтіргенін растады.