Екі оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады
Екі оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсады
Өскеменде 2 жасөспірім қыз жауапсыз махаббаттан өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға 2023 жылдың соңында Глубоковский және Күршім аудандарында болған, деп хабарлайды Жамбылинфо Astana телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиғаның болғанына екі айға жуық уақыт өткенімен, бұл туралы ақпаратты жергілікті тәртіп сақшылары енді жариялап отыр. Екі қыз да өмірлерімен қоштасар алдында, өз сезімдері туралы жазылған хат қалдырған. Сондай-ақ, қыздар олардың өліміне ешкімді кінәламауды өтінген. Мамандар мұндай жағдайлардың жиі орын алатынын айтады. Өткен жылдың өзінде ШҚО-да жасөспірімдер арасында 37 суицид оқиғасы тіркеліп, 7 оқиғаға қатысты қылмыстық іс өз мәресіне жеткен.