жексенбі, 17 қараша, 2024 22:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елордадағы ЖЭО-3 биыл іске қосылады

Елордадағы ЖЭО-3 биыл іске қосылады
ашық дереккөзі
Елордадағы ЖЭО-3 биыл іске қосылады
Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында жазды.
«Елордада жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынатынын, ал жылыту маусымы шамамен 7 айға созылатынын ескерсек, жылу энергиясының қуатын арттыру қажет. ЖЭО-3 құрылысы 10 жыл бұрын басталған қаланың ұзақ құрылыстарының бірі. Былтыр біз ЖЭО-3 құрылысын қайта бастадық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет нысан құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлді», деп жазды А.Көлгінов. Оның айтуынша, мердігерге биыл ЖЭО-3 құрылысын аяқтау тапсырылды. «Келесі жылыту маусымының басында (2022 жылдың күзі) оның қуаттылығы сағатына 240 гигакалорияны құрайтын болады. Ал 2023 жылдың қаңтарында – сағатына 360 гигакалория (440 Гкал/сағ дейін). ЖЭО-3 қуаттылығы 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді», деді қала әкімі. Сондай-ақ елордада үш газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Олардың қуаттылығы сағатына 1600 гигакалорияны құрайды, бұл ЖЭО-3 қуатынан 3,5 еседен аса көп. Осылайша газ қазандықтары 22 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді қосымша жылытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қолданыстағы жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді: ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар