"Өгей қызын ыстық суға күйдірген" мұғалімнен жауап алынды
"Өгей қызын ыстық суға күйдірген" мұғалімнен жауап алынды
Алматы облысында тоғыз жастағы жетім қыздың асырап алған анасынан қорлық көргені туралы бейнежазба таралған еді, деп хабарлайды Жамбылинфо EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Үндеуде жәбірленуші 9 жастағы қыз асырап алған анасынан қорлық көргенін айтады. Алайда, әйел асырап алған қызына қол ұшын тигізбедім дейді. Оның айтуынша, әріптестері қызды жалған сөйлетіп, бейнекамераға жазып алған. Тоғыз жастағы Раминаны асырап алған әйел Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылындағы мектептің бірінде география пәнінен сабақ береді.
Бұл өзіне қас адамдардың әрекеті деп отыр. Қызды асырап алған әйел де абыройыма нұқсан келді деп полицейлерге арыз жазды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.