Каспий теңізінің тартылуына байланысты Ақтауда төтенше жағдай жарияланды
Каспий теңізінің тартылуына байланысты Ақтауда төтенше жағдай жарияланды
Бұл туралы қала әкімдігі жазды. “2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды”, – делінген әкімдік ақпаратында. Сондай-ақ бұл шешімнің жергілікті "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейтіні және тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылатыны жазылған.