Әлемде әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет – Мемлекет басшысы
Әлемде әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет – Мемлекет басшысы
Пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Халықтар арасындағы келісімді нығайтып, пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет. Осы орайда ашық диалог орнату өте маңызды. Дін көшбасшыларының VII съезі тың идеяларға жол ашып, баршамызды биік белестерге жеткізеді деп сенемін. Біздің мүддеміз және ниетіміз бір. Бәріміз де бейбіт әрі берекелі болашаққа қадам басуды қалаймыз. Осы игі мақсатқа бірге жетейік. Съезд жұмысына табыс тілеймін. Дұға тілектеріңіз қабыл болсын», - деді Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде сөйлеген сөзін түйіндей келе.