Әлихан Смайылов сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевты қызметінен босатуды тапсырды
Әлихан Смайылов сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевты қызметінен босатуды тапсырды
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев осы жылдың 10 айында азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жеткенін хабарлады. Өткен айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 0,8%-ды құрады. Атап айтқанда, жұмыртқа 7,6%-ға, ұн 3,9%-ға, күріш 3%-ға, сүт 2,2%-ға қымбаттады. Сонымен қатар бір апта ішінде сәбіз (0,8%), картоп (0,6%), қант және қырыққабат (0,1%) құны төмендеген. Азық-түлік өнімдерінің көлеміне бағаны тұрақтандыру үшін астықты, жемшөп базасын және күнбағыс майын арзандату мәселесі жоспарланған. Оның айтуынша, бұл ретте жұмыртқа, өсімдік майы, күріш сияқты жекелеген тауар позициялары бойынша нарық субъектілерінің жосықсыз әрекеттері байқалады.