жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлихан Смайылов Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады

Әлихан Смайылов Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады
ашық дереккөзі
Әлихан Смайылов Қырғызстанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 25-26 тамызда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. «Сондай-ақ жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшыларымен екіжақты келіссөздері жоспарланған», - делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі ұсынған мәліметте. Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Қырғыз тарапының төрағалығымен өтетін іс-шараға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің үкімет басшылары, бақылаушы мәртебесі бар мемлекеттер, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы, сондай-ақ шақырылған мемлекеттердің үкімет басшылары қатысады. Кездесуде интеграциялық бірлестіктің ортақ газ нарығын қалыптастыру, өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру, алкоголь нарығын реттеу, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру мәселелері талқыланбақ. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты және көпжақты кездесулер күтілуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар