жексенбі, 24 қараша, 2024 22:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық қауіпсіздік - мемлекет қорғаны

Ұлттық қауіпсіздік - мемлекет қорғаны
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік - мемлекет қорғаны
  Ұлттық қауіпсіздік жоқ жерде, мемлекет те жоқ. Қауіпсіздік қызметкерлері еліміздің сенімді қорғаны. Ұлттық қауіпсіздік органдары жеке адамның, қоғамның қауіпсіздігін, республиканың конституциялық құрылысын, егемендігін, тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етеді. Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына - 30 жыл. Ширек ғасырдан астам тарихы бар қауіпсіздік комитеті өзін ел басшылығы қойған міндеттерді жауапты әрі тиімді шешетін арнаулы қызмет ретінде танытты. Заманауи, кәсіби көпсалалы водомостваға айналды. Әлемдік арнайы қызметтермен иық тіресіп, қатар тұрған органның ұлт қауіпсіздігін сақтауда атқарған еңбегі өлшеусіз. Атаулы комитет Қазақстан қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде өзін мемлекет қойған міндеттерді жауапты әрі тиімді шешетін арнаулы қызмет ретінде танытты.  Заманға сай және жоғары кәсіби білікті арнаулы қызмет дәрежесіне ие болды. Тәуелсіз еліміздің аса маңызды құндылықтары болып табылатын ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің орнатылуы арнаулы органның тікелей қатысуымен қамтамасыз етілді. Арнаулы орган қалай құрылды? Бір сәт тарихқа көз жүгіртсек. 1992 жылдың сәуір айында Алматы қаласында ТМД елдерінің қауіпсіздік ұйымдары мен барлау қызметтерінің өзара ынтымақтастығы жайлы құжатқа қол қойылып, сол жылдың 13 шілдесінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметін құру жайлы Жарлық шықты. Сол уақыттан бері, түрлі барлау операциялары сәтті іске асқанын көреміз. Оның ішінде ядролық отын ретінде қолданылған жоғары байытылған уранды Қазақстаннан шығару әрі тасымалдау жөніндегі «Сапфир», шет мемлекеттің агенттері мен барлаушыларын ұстау үшін әзірленген «Виктория», халықаралық есірткі бизнесінің жолын кесуге арналған «Gorka», «Тайфун»,  терроризмге қарсы «Набат» сынды контр-барлау операциялары бар. Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы да сәтті аяқталғаны белгілі. Ұлттық қауіпсіздіктің дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі – тәуелсіз мемлекеттің аралық күзет жүйесін құру. Шекарашыларымыз республикамыздың шекарасын кірпік қақпай күзетіп, лаңкестікке, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, контрабандаға, табиғи қорды талан-таражға түсіруге, заңсыз көші-қонға тосқауыл болып тұр. Отандық арнайы күзеттің басты міндеті - лаңкестік қауіп-қатердің алдын алу. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар тарапынан тұтқиылдан болатын шабуылдарға, әртүрлі ақпараттық және кибер-шабуылдарға, радикалды діни ағымдардың таралуына қарсы дер кезінде шұғыл шаралар қолдану. Бұл тұрғыда отандық арнайы қызмет өкілдері тәуелсіздік жылдарынан бері мемлекетіміздің тұтастығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Бұл – ерекше мереке. Ол егемендік, тұтастықты қалыптастыру және оның салтанат құруы, ата-бабамыздың сан ғасырлық арманының орындалуымен байланысты. Осы мерейлі мерекеге байланысты аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен салтанатты шарада қауіпсіздік қызметінің рөлі айрықша екендігі атап өтілді. Ел тыныштығын сақтауда қырағы қызмет етіп жүрген, салаға ерен еңбек сіңірген бірқатар азаматтар арнайы марапаттарға ие болды. «Сіздер елдегі заң және құқықтық тәртіптің, ішкі тұрақтылықтың сенімді кепілісіздер. Ел азаматтарының бостандығы мен Конституциялық тұрғыда қорғалуы, қоғамның тұрақтылығы сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. Сондықтан Ұлттық қауіпсіздік қызметі қашанда аса маңызға ие күрделі сала. Бұл сала – қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық пен жауаптылықты, қырағылықты талап ететіні анық. Егемендікті сақтау жолында өмірлеріңізді бәйгеге тігіп атқарған адал қызметтеріңіз баршаға аян, ұрпаққа үлгі», – деді облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы. Қауіпсіздік  қызметкерлері бүгінгі күннің батырлары деген атқа әбден лайықты.  Олар қоғамның сенімді қорғаны. Олар – аспанымыздың ашықтығының, бейбіт күндеріміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар