Мұғалімдер аттестациядан өтуге құжат жинамайды – Бейсембаев
Мұғалімдер аттестациядан өтуге құжат жинамайды – Бейсембаев
Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев айтты деп хабарлайды Жамбылинфо baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның мәлімдеуінше, аттестаудағы негізгі мәселелер, бұл – педагогтердің электронды және қағаз нұсқада жинайтын құжаттарының көптігі, аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарау уақытының ұзақтығы, тест тапсырмаларының сапасы. Мұны жіті зерттеп, сапалы шешу үшін министрлік жанынан білім саласының сарапшыларынан жасақталған жұмысшы тобы құрылғанын айтты.
Бейсембаевтың айтуынша, жоспарланған жаңа өзгеріс педагог қызметінің жоғары кәсібилігі мен жетістігін оқушылардың нәтижелі көрсеткіштерімен тікелей байланыстыруға басымдық беріледі.