«Меркі қанты» зауытында қант қызылшасын қабылдау жұмыстары жалғасуда
«Меркі қанты» зауытында қант қызылшасын қабылдау жұмыстары жалғасуда
2022 жылғы 20 қазан күні сағат 14:00 шамасында Меркі ауданындағы қант зауытында қызылша қабылдау жұмысы уақытша тоқтатылған. Оған зауыттағы тәтті түбірді түсіретін арнайы 2 техниканың (бурто-укладочная машина) бірден істен шығуы себеп болған. 21 қазан күні сағат 14:00-де бұл техникалар жөнделіп, қабылдау жұмыстары жалғасуда.Зауытта қант қызылшасын түсіріп, жинауға арналған 4 техника жұмыс істейді. Одан бөлек, тәтті түбір таситын жүк көліктерін кезек күттірмес үшін арнайы орынға өнімді төгуге мүмкіндік беріліп отыр. Сонымен бірге, бұған дейін қабылдау жұмыстары сағат 7:00-ден 20:30-ға дейін жүргізілсе, бүгіннен бастан түнгі 00:00-ге дейін жүргізіледі. Жалпы бүгінгі күні 81 128 тонна өнім жиналса, 58 618 тоннасы зауытқа өткізілген.Тасымалдаушы жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.