Без рубрики

Облыс әкімі Б.Момышұлының немере інісімен кездесті

Облыс әкімі Б.Момышұлының немере інісімен кездесті

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қаламгер, журналистика саласының ардагері, ұзақ жылдар бойы аймақтың БАҚ-да басшылық қызметте елеулі еңбек еткен Бекет Момынқұлмен кездесті Жақында оған Ресей мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих мұрағатында «құпия» белгісімен сақталған Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына қатысты кейбір құжаттары тапсырылған болатын. Бұл іске Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин ықпал еткен. Кездесу барысында Батыр туралы тың құжаттармен танысып, Бекет Момынқұлдың шығармашылығы мен ізденісіне сәттілік тіледі. Облыс әкім жергілікті билік тарапынан қажетті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді