Польша азаматшасы Қазақстан президенттігіне үміткер болғысы келеді
- авторjambylinfo.kz
- 3 қазан, 2022
- 177
Польша азаматшасы Балли Мажец Қазақстан президенттігіне үміткер болуға талпынуда. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Польша азаматшасы Балли Мажец Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қатысу ниеті туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына бірнеше рет жүгінген», - делінген жексенбі күні таратқан хабарламада.Оған Республика Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, соңғы он бес жылда Қазақстанда тұратын, жоғары білімі бар Республика азаматы Президент болып сайлана алатыны түсіндірілді.
Азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл тәжірибесі болуы және белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.
Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
Азаттық радиосының хабарлауынша, 2017 жылы белсенді Қазақстан билігінен елде қалуына рұқсат беруін сұраған. Сондай-ақ, ол 2015 жылғы сайлауда Польша президенттігіне үміткер болған және кейбір қазақстандық саяси тұтқындарды қолдайтын әрекеттерімен танымал.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз