жексенбі, 17 қараша, 2024 18:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Рақымшылық: Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Рақымшылық: Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
ашық дереккөзі
Рақымшылық: Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдың 29 желтоқсан күні аймақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 (қоныс колониясы) мекемесінде аталған департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеевтің төрағалығымен жиын өтті.  width= Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қабылданған «Рақымшылық заңы» туралы тақырыбы талқыға түскен басқосу барысында «Рақымшылық заңы» бойынша атқарылған іс шаралар сондай-ақ жасақ бастықтары мен психологтардың жұмыстарына шолу жасалды. Бұдан бөлек, департаменттің тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімінің бас маманы Айгүл Танашева мен арнайы есеп тобының бас маманы Нәзира Бекталиева «Рақымшылық заңы» бойынша қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, өз салаларына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы, қазіргі таңда ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуші 67 сотталған рақымшылыққа ілінбек. Оның ішінде 54 адам босатылатын болса, қалған 13 азаматтың жаза мерзімінің қысқартылмақ. Бүгінгі күні «Рақымшылық заңына» сәйкес жадығаттар Жамбыл аудандық сотына жолданды. Кездесу соңында өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Бөгембайұлы жеке құрам қызметкерлері ҚР заңнамаларын және Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін баса айтты. Айнура Бателова, ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар