СҚО-да 250-ге жуық әскерге шақырылушы Ресейге қашып кеткен
СҚО-да 250-ге жуық әскерге шақырылушы Ресейге қашып кеткен
Бұл туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. Петропавлск.news-тің жазуынша, СҚО әкімдігінде өткен жиында әскерге шақыру науқанында кездесетін негізгі мәселелер айтылды.
Келесі мәселе – жігіттердің денсаулығына қатысты. Әскерге шақырылушылардың тек 15 % ғана медициналық комиссиядан іркіліссіз өтеді. 45 % денсаулығына байланысты түрлі шектеулері болса, 40 % бейбіт жағдайда әскери қызметке жарамысз.
Айта кетейік, жыл басында елімізде мерзімді әскери қызметке шақырту үшін іздестіріліп жатқан азаттар саны 30 мыңнан асқаны хабарланған. Елімізде 1 наурыздан бастап мерзімді қызметке әскерге шақыру басталды.12 шілдеге дейін Қазақстан Қарулы кұштерінің қатары 18-бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам ер-азамат толығуы тиіс.