Без рубрики
"Сарбаздарды улауы мүмкін": Депутат армияны тамақтандыруды аутсорсингке беруге қарсы
- авторjambylinfo.kz
- 29 желтоқсан, 2022
- 226
"Сарбаздарды улауы мүмкін": Депутат армияны тамақтандыруды аутсорсингке беруге қарсы
Мәжіліс депутаты Константин Авершин армияны тамақтандыруды аутсорсингке беру қорғаныс қабілетіне әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Тамақтандыруды аутсорсингке бергеннен кейін біз армияны сенімді тылсыз қалдырамыз. Коммерциялық мердігер ұрыс кезінде басын қатерге тігіп, жауынгерлерді окопқа барып тамақтандырмасы анық. Келісімшартты бұза салған оңайырақ. Сонымен қатар, тамақтануды ұйымдастырудың сапасы олардың жұмысын ұйымдастыруға азық-түлік жеткізуден бастап жұмысшыларды жалдауға және тамақ дайындауға дейінгі барлық процеске тікелей байланысты. Кез-келген кезеңде жұмысты ұйымдастырудың қателігі жеке құрамның жұмысы тоқтауына немесе жаппай улануына әкелуі мүмкін. Диверсия факторын да есептен шығаруға болмайды", - деді Авершин Мәжіліс отырысында.Бұл ретте ол елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, бейбіт және соғыс уақытында әскери бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін сақтау, Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамын азық-түлікпен қамтамасыз етудің ішкі жүйесіне көшуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл үшін ҚР Қарулы күштері тылының азық-түлік қоймаларын және әскерлер түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтардың азық-түлік қоймаларын аумақтық қағидат бойынша қалпына келтіру, әскери бөлімдердің штаттарына армияны тамақпен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар лауазымдарды енгізу қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала