"Сарбаздарды улауы мүмкін": Депутат армияны тамақтандыруды аутсорсингке беруге қарсы
"Сарбаздарды улауы мүмкін": Депутат армияны тамақтандыруды аутсорсингке беруге қарсы
Мәжіліс депутаты Константин Авершин армияны тамақтандыруды аутсорсингке беру қорғаныс қабілетіне әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ретте ол елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, бейбіт және соғыс уақытында әскери бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін сақтау, Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамын азық-түлікпен қамтамасыз етудің ішкі жүйесіне көшуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл үшін ҚР Қарулы күштері тылының азық-түлік қоймаларын және әскерлер түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтардың азық-түлік қоймаларын аумақтық қағидат бойынша қалпына келтіру, әскери бөлімдердің штаттарына армияны тамақпен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар лауазымдарды енгізу қажет.