жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сауд Арабиясы қажылық сапарға карантиндік шектеуді алып тастайды

Сауд Арабиясы қажылық сапарға карантиндік шектеуді алып тастайды
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясы қажылық сапарға карантиндік шектеуді алып тастайды
Сауд Арабиясы қажылық сапарға пандемияға байланысты қойылған шектеулерді алып тастайды. Al Arabia порталының хабарлауынша, Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі COVID-19 індетіне байланысты биылғы қажылықты ұйымдастыруға қойылған шектеулерді алып тастауды жоспарлап отыр.
Қажылыққа барушылардың саны коронавирустық пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады, жас шектеулері болмайды, –  деді осы елдің Қаржы министрі Тавфик әл-Робиа.
Пандемияға дейін 2019 жылы 2,6 миллионға жуық адам қажылық парызын өтеген. Алайда 2020 және 2021 жылдары пандемия кезінде енгізілген шектеулерге байланысты қажылыққа барушылар саны азайды. 2022 жылы 1 миллион адамға қажылыққа баруға рұқсат берілген. 2022 жылы 18-65 жас аралығындағы, толық екпе алған немесе коронавирусқа қарсы иммунитеті бар, созылмалы ауруы жоқ адамдар ғана қажылық парызын өтей алды. Қазір бұл шектеулер жойылып жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар