Сайлау — комиссияның сауаттылығына байланысты болады — Аханова
Сайлау — комиссияның сауаттылығына байланысты болады — Аханова
Елімізде 11 мыңға жуық сайлау учаскелері бар. Сайлау кезінде арандатушылықтың алдын алу үшін не істеледі? Мұндай әрекетке барған адам қандай жауапкершілікке тартылады? Бұл жөнінде «Ашық Алаң» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық кодекстің 150-бабында көрсетілгендей, сайлау комиссияларына кедергі келтіру туралы бап бар. Бұл кодексте 100-150 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады немесе 4 жыл бас бостандығынан шектеледі. Мұндай оқиға тіркелді ме? деп сұрақ қойды бағдарлама кезінде заңгер Думан Дүйсенов.