Без рубрики
Шымкентте 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт шықты
- авторjambylinfo.kz
- 18 сәуір, 2023
- 263
Шымкентте 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт шықты
Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты. Бас ауруына шағымданған оқушыға «Асар» шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ота жасады. Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады деп хабарлады Жамбылинфо otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жалпы, операция уақыты екі сағатқа созылған. Отадан кейін науқас бала екі тәулік реанимацияда жатып, кейін жалпы палатаға шығарылған. Дәрігерлер бас миынан құрт табылған баланың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты. «Сәуір айында 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Баланың диагнозы МРТ арқылы анықталған. Науқастың басы ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды», – деді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохиругі Самат Көкшікбаев. Отадан кейін бір аптаға жуық ауруханада жатқан науқасты дәрігерлер үйіне шығарды. Қазір мектеп оқушысы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында. Ақ халаттылардың сөзінше, бас миындағы эхинококк құрты – сирек кездесетін жағдай. Көбіне мұндай құрт тәріздес киста – бауыр мен өкпеде кездеседі екен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз