Шымкентте қыз алып қашқан маңғыстаулық жігіт жеті жылға сотталуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 1 ақпан, 2024
- 309
Шымкент қаласында қыз алып қашқан жігіт екі айға қамалды. Мұндай қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлағандай, оқиға биыл жыл басында болған.
“2024 жылы 16 қаңтарда Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне М.А есімді азаматша шағымданып, белгісіз бір ер адам үйлену мақсатында қызын ұрлап кеткенін айтқан. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекснің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының «Г» есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды. Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін”,-деп хабарлайды Шымкент қаласыныі прокуратурасы.
Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында екені хабарланып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз