сейсенбі, 5 қараша, 2024 11:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сocа-Colа Қытайда сантехникалық құрал деп танылғаны рас па

Сocа-Colа Қытайда сантехникалық құрал деп танылғаны рас па
ашық дереккөзі
Сocа-Colа Қытайда сантехникалық құрал деп танылғаны рас па
Әлеуметтік желілерде Сocа-Colа газдалған сусыны Қытайда ресми түрде сантехникалық сұйықтықтар санатына ауыстырылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстандықтар да бұған қатысты өз пікірлерін жазып, танымал сусынды ішпей тұрып, ойлануға кеңес береді. Stopfake.kz ақпараттың анығына жетіп көрді, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат. сайтына сілтеме жасап.
Таратылған видеода ер адам Сocа-Colа алкогольсіз сусыны Қытайдың Орталық комитетінің шешімімен сантехникалық сұйықтықтар қатарына көшірілетінін, ол құбырларды тазартуға пайдаланылатынын айтады. Мұндай шешімге ғылыми зерттеу негіз болған-мыс. Тәжірибеге Қытай түрмелеріндегі 500 адам қатыстырылған. Олар алты ай бойы сусынды күніне үш рет ішкен. Салдарынан 75 адам көз жұмса, тағы 150-і мүгедек болып қалған. Stopfake.kz мұндай ақпаратты жариялаған бірде-бір ірі қытайлық БАҚ, не ресми сайтты таппаған. Сондай-ақ іздеу жүйесіне қытай тілінде «Сocа-Colа», «Қытай» және «сантехника» сөздерін енгізіп көрген. Алайда бұл сөздермен байланысты аталған ақпаратқа ұқсас ешбір мәлімет шықпаған.
«Ал осы сөздерді орысша жазып көргенде, бұл жаңалықтың бастапқы көзі тез табылды. Бұл «Панорама» сатира порталы екен. Аталған портал шынайы жаңалықтарды жылына бір рет – 1 сәуірде жариялайды. Дәл осы ақпарат 2018 жылдың 25 тамызында шыққан, яғни бұл – әзіл. Осыған қарамастан, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары сатиралық порталға сеніп, жаңалықты шынайы деп таратқан. Содан бері ол желіде мезгіл-мезгіл талқыланып, қызу пікірталас тудырады. Мәселен, хабарлама 2018 жылы, содан кейін 2019 жылы талқыланған, енді 2023 жылы тағы да адамдардың назарын аударды. Олай болса, Қытайда Сocа-Colа сантехникалық сұйықтықтар санатына енгізілгені туралы ақпарат – бұл желі қолданушылары бес жылдан бері шындық деп келе жатқан әзіл», - деп түйіндеді фейк жаңалықтарды әшкерелейтін ресурс.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар