Сотталғандарға әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету – басты назарда
Сотталғандарға әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету – басты назарда
Сотталғандарды әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету – Қылмыстық-атқару жүйесінің бүгінгі таңдағы басты басымдықтарының бірі. Сондай-ақ жазаларды өтеу тәртібі мен шарттарын қамтамасыз ету, сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оларды түзеу құралдарын айқындау мәселесі де негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек. Жуырда облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілерді әлеуметік бейімдеу және оларға құқықтық көмек көрсету мақсатында семинар өтті. Жиынға Тараз қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының жетекші маманы Мұрат Әмреев пен Жамбыл аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Айжан Көшкінбай қатысты. Жиында мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков елімізде соңғы 5-6 жыл ішінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамалары жетілдірілгенін осыған сәйкес сотталғандарды ұстаудың құқықтық жағдайының да жақсарғанын атап өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қарастыратын жаңа прогрессивті пробация институты жұмыс істеуде. Айнұр Бателова, ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты