жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Сынған айнаға қарама, бақытсыз боласың...". Айнаның тылсым күшке ие екені рас па

"Сынған айнаға қарама, бақытсыз боласың...". Айнаның тылсым күшке ие екені рас па
Айнадағы елес. Коллаж авторы Ернар Балғабай
Әлемде тылсым дүниеге қатысты түрлі қызық бар. Мәселен, қазақ халқының ырымында түнде «айнаны ашық қалдыруға болмайды» деген ұғым бар. Бұл ырым тектен-текке айтылмаса керек-ті. Айнаның расымен де тылсым күші бар ма, зерттеп көрелік.

Анығына келгенде, көпшілігіміз айнаның қашан, нақты қай уақытта пайда болғанынан хабарсызбыз. Білетініміз, әжелеріміздің кішкентай күнімізден «айнаға көп қарасаң, сұлулылығыңды тартып алады», «сынған айнаға қарама, бақытсыз боласың» деп құлағымызға құйған ырым-нанымдары ғана. 


Тарихқа көз салсақ, айнаны ең алғаш венециялықтар ойлап тапқан. Орта ғасырларда Венеция ғана айнаны өндіріс көзіне айналдырған екен. Оның жасалу әдісін де құпия сақтап, арнайы шеберлерді өзге аралда ұстаған деседі. Тіпті сыр алдырғандарға өлім жазасын беретін болған. 


Айна – кез келген үйде қолданатын мүлік. Жалпы, үлкендердің айтуынша, айнаны сыйға тартуға, немесе бұрын қолданыста болған айнаны сатып алуға болмайды. Өйткені, ол өзіне қараған жанның энергиясын бойына сіңіріп, адамдардың бет-бейнесін, әрбір бетіне түскен іс-қимылды компьютер бағдарламасы секілді жадында мықтап сақтап алады деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан ескі айна өзінің жаңа иесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал тіптен қолданылмаған, су жаңа айнаның адамға еш қауіп төндірмейді.


Дегенмен де, айна тек тұрмыстық мақсатта қолданылмайды. Ол бергі әлем мен рухтар әлемін байланыстырушы ретінде тылсым құпияға толы. Мәселен, орыс халқының нанымы бойынша, айнаны ұйықтап жатқан адамға қарама-қарсы қоюға болмайды. Себебі түн ортасында оянған адам өз бейнесін көргенде кенеттен  шошынып, бойындағы күш-жігерін де жоғалтып алуы мүмкін екен. Ал Шығыс елдерінде айнаны әсіресе үйдің кіреберісіне орнатып, оның босағадағы жағымсыз энергияларды бейнелейтініне сенген. Еуропада көршісінің жаман ойларын, арам пиғылдарын бейнелейді деп айнаны терезенің тұсына қойған. Испанияда тіл-көзден сақтау үшін сәби киіміне толтырып айна тіккен. 


Айна екі дүниені жалғастырушы секілді. Оны ғалым Раймонд А.Моудидің еңбегінен көруге болады. Ол «Өлімнен кейінгі өмір» атты кітабында «айнада өлген адамдардың аруақтары пайда болады» деген алып-қашпа әңгімелердің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрмекке бел буады. Атақты психиатр айнамен жабдықталған арнайы бөлме дайындап, сонда тәжірибе жасайды. Нәтижесі тіптен таң қалдырады. Өз еріктерімен келген он адамның бесеуі айнадан қайтыс болған туыстарын көріп, олармен байланысқа түсе алған. Мұндай экспериментті Санкт-Петерборда,ы танымал психотерапевт Виктор Ветвин де жасаған екен. Бүгінде оның айнамен жабдықталған «Психомантиум» деп аталатын орталығы бар. Ветвиннің орталығында болып, өзгеріп шыққан адамдар болыпты. Соның бірі көлік апатынан қаза болған ұлын қатты жоқтап, депрессияға түскен келіншек «мен баламды көріп, онымен сөйлестім, оған ол жақта жайлы екен» деп қалыпты өмірге қайта оралыпты. Осыған қарап-ақ айнаның да сыры бар екенін ұғуға болады.


Бірақ айнаны тек қорқынышты әрі тылсымның «өкілі» деп балауға болмайды. Айнаға қараған сәтте, өз-өзіне тамсанып қараған адамда ерекше көңіл-күй болады. Тіпті, жантану ғылымының өкілдері айнаға қарап, Құдайдың  жаратқан сұлу бейнесіне қарап, сүйсінудің пайдасы зор екенін айтады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар