дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Т. Кеосаян: Қазақстанға бәрібір келемін

Т. Кеосаян: Қазақстанға бәрібір келемін
ашық дереккөзі
Т. Кеосаян: Қазақстанға бәрібір келемін
Қазақстанға сес көрсеткен ресейлік режиссер, тележүргізуші Тигран Кеосаян қандай да бір шектеулерге қарамастан Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Тигран Кеосаянның мәлімдемесі Газете.Ru ақпараттық сайтында жарияланды. “Бұл күлкілі. Мен журналист ретінде олардың әлсіз тұсын тырнап өткен сияқтымын. Бірақ мен түбі өзімнің кеңестік Қазақстаныма келемін. Тағы да қайталаймын, туып-өскен Қазақстанға бәрібір келемін. Оған биліктен рұқсат та сұрамаймын”, — деген ол. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.
  1. Дереккөз: Ұлысмедиа
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар