Тұңғыш Президент күні аясында спорттық шаралар өтті
Тұңғыш Президент күні аясында спорттық шаралар өтті
Айтулы күннің құрметіне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды. Бәсекеде сотталған азаматтардан жасақталған командалар бақ сынап, өзара кім мықтыны анықтады.
Сотты болғандар арасындағы жарыстың көркін қыздырған аяқдоп бәсекесі болды. Жазасын өтеушілерден жасақталған командала жасыл алаңда тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде қанжығасы майланып, жеңімпаз атанғандар құрамалар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатқа ие болды. Әлібек Алдыяров, ЖД-158/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры