сенбі, 23 қараша, 2024 2:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда тұрғындарының 1 млн теңгесін жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Таразда тұрғындарының 1 млн теңгесін жымқырған алаяқ әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Таразда тұрғындарының 1 млн теңгесін жымқырған алаяқ әйел ұсталды
Таразда тұрғындарды бір миллион теңгеден астам ақшаға алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды. Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегін жасаған деген күдікпен Тараз қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, ол тұрғындарды алдап, ақшаны көбейтіп беремін немесе қайтарымсыз несие әперемін деген сылтаумен ақшаларын иемденген. «Алдын ала тергеу барысында алаяқтың құрбаны болған сегіз адамның алаяқ әйелге жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам ақша қаражатын бергені анықталды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтың алдау әрекетінің құрбаны болған өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында бірқатар тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар