жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жаңа автобустар пайдалануға берілді

Таразда жаңа автобустар пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
Таразда жаңа автобустар пайдалануға берілді
Қоғамдық көлік мәселесі - Тараз тұрғындарының бас ауыртар басты түйткіліне айналғалы біраз уақыттың жүзі болды. Тариф көтерілгелі бері көпшілікті "жаңа автобустар қашан алынбақ?" деген сауал жиі мазалайтын. Енді облыс тұрғындарының арманы орындалады. Бастамасы ретінде, бүгін, Елорда күні - су жаңа 10 қоғамдық көлік пайдалануға берілді. Алматыдан әкелінген Golden Dragon маркалы үлкен сыйымдылықты автобустар қала тұрғындарына №8 автобус бағыты «Small» супермаркеті – мөлтекаудандар – Жамбыл даңғылы – Төле би даңғылы – Қазыбек би көшесі – Абай даңғылы – Көшеней көшесі бойынша қызмет көрсеткелі тұр. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтің айтуынша, жыл соңына дейін 100 қоғамдық көлік алу жоспарда. -Біріншіден қоғамдық көліктердің жүру кестелерін сақтау маңызды. Екіншіден, жүргізушілердің мәдениеттілігін қадағалау қажет. Одан кейін қоғамдық көліктің іші таза болуы маңызды. Қазіргі автобустардың іші кішкентай, халыққа ыңғайсыз. Кешкі уақытта тұрғындар сыймай қалатын да кездер болып тұрады. Біз халыққа биыл кем дегенде 100 осындай су жаңа көлікті пайдалануға береміз деп уәде бергенбіз. Мінекей,  бұл бастамасы, - деді Бердібек Сапарбаев. Аймақ басшысы жауаптыларға жаңа автобустарды қыркүйек айына дейін әкелуді тапсырды. Қоғамдық көліктердің ұзындығы 12 метрді құрайды, орындық саны – 28, сыйымдылығы – 90 жолаушы. Егде және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, аталған автобустар кондиционер, бейнебақылау камераларымен, жүгіртпе жолмен және аялдамаларды автоматты түрде хабарлайтын құрылғы «автоинформаторлармен» жабдықталған. Айта кетейік, бүгінде қала бойынша қоғамдық көліктердің жалпы саны 450-ді құрайды.  width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар