Тыйым салынған зат табылды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты «№58 мекемесінде» сотталған азаматқа жөнелтілген сәлем сауқаттың ішінен тыйым салынған затты анықтады. Мекеменің қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімқызметкерлерінің сотталғандарға келген кезекті сәлемдемелерді тінтіп-тексеру барысында Тараз қаласының азаматы К. жазасын өтеуші М-ға жолдаған сәлем-сауқаттың ішінен нанның ортасына жасырылған Нокиа маркалы ұялы байланыс телефоны және 1 литр тассай пластикалык бөтелкесінде өткір иісті сұйықтық табылды.Тәркіленген затты анықтау үшін сот сараптамалық зерттеуге жіберілді. Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ӘҚБК-ң 481 бабының 1 тармағына сәйкес іс- құжаттар рәсімделуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз