Без рубрики
Украина АҚШ-қа соғысты бейбіт жолмен аяқтау жоспарын ұсынды
- авторjambylinfo.kz
- 26 желтоқсан, 2022
- 217
Украина АҚШ-қа соғысты бейбіт жолмен аяқтау жоспарын ұсынды
Бірақ Зеленский оның неден тұратынын ашып айтпады, – делінген хабарламада.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-та болған сапары кезінде соғысты бейбіт аяқтаудың өзіндік жоспарын ұсынды. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде президент Джо Байденмен бейбітшілік инициативасын талқылағанын еске салып өтті. АҚШ-қа барған сапарында өзінің басты ұстанымы көбірек қару-жарақ алу екеніне күш салған украин президенті оның неден тұратынын ашып айтпады, – делінген басылым хабарламасында.«Ресей егер өзі қаласа, соғысты қазір-ақ тоқтата салар еді. Дегенмен сіздердің беретін қару-жарақтарыңыз біздің жеңісімізді тездетеді», – деді Зеленский конгресмендерге. Киев шын мәнінде соңғы уақыттары соғысты бейбіт жолмен аяқтаудың 10 тармақтан тұратын жоспарын талқыға салып жүр, деп жазады The Wall Street Journal еуропалық және украиналық дипломаттарға сілтеме жасай отырып.
Қазір Зеленскийдің командасы оны жасап бітіп, Ресей басқыншылығының бір жылдығына немесе соған жақын уақытқа орай ұсынуды жоспарлап отыр. Алайда газет жоспардың мазмұны жайлы ештеңе айтпайды. Зеленский Вашингтонда өзі «әділетті әлем» дегенді қалай түсінетінін айтты. Ол үшін Ресей тарапынан Украинаның «территориялық егемендігі мен тұтастығының сақталуы және барлық шығындарды өндіріп беру» осыны білдірер еді. Әділдік деген сол! – делінген материалда.Владимир Зеленский АҚШ-тан қайтар жолда Варшаваға аялдап, Польша президенті Анджей Дудамен кездесті. Олардың келіссөзі 2 сағатқа созылды. Бұдан кейін украин лидері Киевке оралды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала