жұма, 5 шілде, 2024 1:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үйретері мол аула клубы

Үйретері мол аула клубы
ашық дереккөзі
Үйретері мол аула клубы
Баланың бойындағы сан алуан өнердің ұшқынын жарқырата көрсетуде аула клубының ықпалы өте зор. Айшабибі аула клубы бүгінде балғындардың шығармашылығын шыңдауда аянбай еңбек етуде. Мұнда күнделікті қызу пікірталастар, диалог алаңдары ұйымдастырылады. Өңірден шыққан белгілі ақындармен де кездесулер өткізіліп тұрады. Күні кеше республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері Бақнұр Нұрманмен кездесу кеші өтті. Онда клуб мүшелері ақынға сұрақ­тар қойып, өлеңдерін оқып берді. Бір сөзбен айтқанда, клуб балалардың тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізіп отырған бірден-бір шығармашылық орта. Қазіргі уақытта 16 баланы қамтып отырған клубта домбыра, сурет, шахмат, дойбы үйірмелері жұмыс істеп тұр. Мұнда түрлі танымдық жарыстар да өткізіледі. Аула клубына бірінші кезекте аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары алынады. Үйірмеге келетін балалардың жасы 12 мен 29 жас аралығында. Өткізілетін іс-шаралардың қызықты, жаңалыққа толы болуына барынша назар аударылады. Өйткені, аула клубының басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін арттыру. Нұрлыбек ҚҰРМАНОВ, Айшабибі аула клубының жетекшісі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар