Қытайда су тасқыннан 2 миллионға жуық адам жапа шекті
Қытайда су тасқыннан 2 миллионға жуық адам жапа шекті
ытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы су тасқынынан 2 миллионға жуық адам жапа шекті, деп хабарлайды «Хабар 24». Нөсер жауыннан 17 мыңнан аса тұрғын үй мен ғимарат бүлініп, 190 мың гектар егістік алқапты су басты. Аймақ билігі табиғат апатымен күреске 50 миллион юань бөлді. Қаржы қирандыны қалпына келтіруге жұмсалмақ. Қазір табиғи апаттың салдарымен мыңдаған құтқарушы мен ерікті күресіп жатыр.