сәрсенбі, 20 қараша, 2024 20:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке тағайындалды

Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке тағайындалды
Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке тағайындалды. Ол 6 маусымнан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі қызметіне кірісті. Гүлшара Әбдіқалықованың негізгі міндеттеріне: Әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына жетекшілік ету; Әлеуметтік еңбек қатынастарын тиімді реттеу; Адам ресурстарын басқару департаментінің ішкі және сыртқы коммуникацияларын қалыптастыру мен нығайтуға ықпал ету; Кадр аудитінің нәтижелерін талдау және қызметкерлерді тиімді басқару мәселелері кіреді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жаңа қызметкерінің қанша жалақы алатынына жауап беруден бас тартты, қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселесіне қатысты ақпарат құпия және көпшілікке жария етілмейтінін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар