жұма, 22 қараша, 2024 21:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды
ашық дереккөзі
Өзекті мәселелер талқыланды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте Жамбыл облысының әкімдігі Жер қатынастар басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов баяндама жасады.  width= Жер заңнамасымен мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты аукциондарды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастырылып өткізілуде. Өткен жылы 44 аукцион ұйымдастырылып 34 жер учаскесі 112 млн.теңгеге сатылса, 2023 жыл басынан бері 9 аукцион 10 жер учаскесі 138 млн. тг сатылды. 2022 жылы 14 конкурстар өткізіліп, 47,0 мың га ауыл шаруашылық жерлері шаруа қожалықтарға берілсе,  ағымдағы жылы 3 конкурс өткізіліп, 67 жер учаскес көлемі 3,4 мың га рәсімделіпті. Сонымен қатар брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев сөз алды. Ол елді мекендерді газдандыру туралы мәселені айтты.  width= Бүгінгі күні Жамбыл облысында 371 елді мекенде 1 217 955 адам тұрады. Оның ішінде, 274 елді мекен немесе 1 099 202 адам табиғи газбен қамтамасыз етілген екен. Ал Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек  өңірдегі білім саласына қатысты жайттарды тізді.Жалпы облыстағы 574 мектепке дейінгі, 492 орта білім беру, 44 техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. -Мектеп бітіріп, түлек атанғалы отырған 11 - сынып оқушылары туралы сөз қозғасақ. Биылғы оқу жылында 11- сыныпты 11 мыңнан астам түлек бітіргелі отыр. 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5 маусым мен 19 маусым аралығында болады. Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынамыз, - деді ол.  width= Ал, ҰБТ-ға қатысу үшін мектеп бітіруші түлектер онлайн түрінде базаға тіркеледі. Базаға тіркелу ағымдағы жылдың 28 сәуірінде басталып,14 мамырында аяқталды. Жалпы ҰБТ өту барысында аса бір  өзгерістержоқ, өткен жылдағы форматпен өтетін болады. Тек өткен жылмен салыстырғанда түлектердің базаға тіркелуі екі кезеңге бөлінген. Қазіргі таңда, мектеп бітірушілердің 70%-дан астамы ҰБТ-ге қатысуға ниет білдіріп отыр екен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар