Жақсылық жасау – игі іс!
Жақсылық жасау – игі іс!
Өткен демалыс күндері облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша ауқымды екі айлық аясында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты.
«Тараз» ӘКК қызметкерлері жыл сайын осындай экологиялық сенбіліктерге қатысып тұрады.
– Өткен жылы да ұйымның барлық қызметкерлері қала көшелерін тазалауға шыққан. Бүгін, біз «Бәйтерек» шағын ауданында орналасқан Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі үш автокөлік көпіріндегі көптеген қоқыстарды тазалап, жаяу жүргіншілер аймақтарын ақтадық, – дейді компанияның басқарушы директоры Еркін Жылысбек. – Бұл әркімнің туған қаласын бірге тәртіпке келтіруге жақсы мүмкіндік. Өкінішке қарай, кейбір қала тұрғындары қоқыс тастаудан тартынбайды, осылайша өздерінің немқұрайлылығын, мәдениетсіздігін көрсетеді. Өскелең ұрпаққа осы істерімізбен үлгі болуымыз керек, өз мысалымызда жақсылық жасаудың – игі іс екенін көрсетейік.
Шараның басты мақсаты –сүйікті қаламыздың ластануынан қорғау және онымен күресу.
– Сенбілік нәтижесінде 100 қаптан аса түрлі тұрмыстық қалдықтар жиналды: шыны, пластик, қалайы бөтелкелер, азық-түлік тауарларының жапсырмалары, темекіден жасалған бумалар және тағы басқалар, – дейді әкімшілік-шаруашылық секторының басшысы Қайрат Нартбаев.
– Күнделікті жұмыс киімдерімізді шешіп, спорттық костюмдерімізді киіп, қоқыс жинауға арналған қолғаптармен, қапшықтарымызбен көше бойын аралап, онда жиналған қалдықтардан тазарттық. Қалалық сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер де, Тараз ұйымдарының қызметкерлері де қатысқаны қуантады,-дейді шараға қатысушылар.
Сенбілікке шыққандар бұл эко акция қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілік сезімін арттырып, болашақ ұрпақ үшін табиғи байлықты сақтауға көмектесетініне сенімді.
Табиғат – ананымызды бірге қорғайық!
Кирилл БЕРДЕЦКИЙ,
«Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі