Без рубрики
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МАЛ САНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ЕКІНШІ ОРЫНДА
- авторjambylinfo.kz
- 18 мамыр, 2023
- 422
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МАЛ САНЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ЕКІНШІ ОРЫНДА
"Облыс бойынша 4 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (бұдан әрі - АШЖБ) барлығы 4,5 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары (522 мың бас ірі қара, 3,8 млн. бас ұсақ мал, 8 мың бас шошқа, 180 мың бас жылқы, 7,5 мың бас түйе малы) тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында". Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Құрмантаев Нұржас Нұржанұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Сонымен қатар, жиында Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 33 елді мекенде (Байзақ - 1, Жамбыл - 1, Мойынқұм - 14, Сарысу – 7, Талас - 9, Шу - 1) 2,9 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 407 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына І-кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары (аудан әкімдерімен бекітілген кесте бойынша) жүргізілгенін мәлімдеді.
" Дезинфекциялық дәрі-дәрмектерге берілген өтінімге сәйкес облыстық бюджеттен тікелей аудандарға барлығы 83 млн. 842 мың теңге (Байзақ - 572 мың, Жамбыл - 10 338,0 млн., Мойынқұм - 34 189,0 млн., Сарысу - 14 194,0 млн., Талас - 23 387,0 млн., Шу - 1 162,0 млн.) қаражат бөлініп, акарацидтік препараттар сатып алынды. 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» № 97-VII Заңы аясында қабылданған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес облыс аумағында жануарларды есепке алу «ТАҢБА» ақпараттық жүйесімен жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан «Жамбыл» 109 диспетчерлік орталығына түскен иесіз жануарларды аулау бойынша өтініштер негізінде барлығы 12 524 қаңғыбас ит және 56 мысық талаптарға сай ауланды. (Тараз қаласында 5920 иттер). Бүгінгі күнге жануарлар иелерінен түскен өтініштеріне сәйкес жануарларға электронды паспорт ашылып, ақпараттық жүйемен есепке алу және тұрғындар иелігіндегі 276 ит-мысықтарға профилактикалық шаралары (кастрация, стерилизация, вакцинация) жүргізілді. Сонымен қоса, «019-Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер бағдарламасы» бойынша 2022-2023 жылдары «Ауыл аманаты» жобасына енгізілген 24 елді мекендерде жеке қосалқы шаруашылықтар иелігіндегі мүйізді ірі қара малының аналық бастарын қолдан ұрықтандыру жоспарланды. Бұл, халықтың қарапайым мүйізді ірі қара малын асылдандыруға жол ашады. Жобаға енгізілген барлық елді мекендердің тұрғындарына ағарту жұмыстары жүргізіліп, осы елді мекендерде қолдан ұрықтандырушы ветеринар мамандары бекітілді. Бүгінгі күнде осы бағдарлама арқылы 317 бас аналық мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады",-деді ветеринария басқармасының басшысы.
Бұдан бөлек, ветеринар мамандарының мәртебесін айқындау және ветеринария саласын цифрландыру бағытында қолданыстағы заңнамалар аясында ветеринар маманын азаматтық қызметшілер қатарына қосу арқылы бекітіліген айлық жалақысын анықтап, І-ІІ патогенді аурулармен жұмыс атқаратын ветеринар дәрігерлердің жалақысы 35-50 пайыз аралығында көтерілген. Мамандарының жұмысын оңтайландыру және уақытын үнемдеу үшін «VETmobile» ақпараттық жүйесі енгізілген заманауи планшеттермен қамтамасыз етіліп, биылғы жылдың соңына дейін қала мен аудандық ветстанцияларды қосымша тағы 11 УАЗ автокөлігімен қамту сияқты жұмыстар жоспарланып өз кезегімен жүргізіліп жатқаны да айтылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз