сенбі, 2 қараша, 2024 17:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында" Көктем 2023 " РКШОЖ шеңберінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді

Жамбыл облысында" Көктем 2023 " РКШОЖ шеңберінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында" Көктем 2023 " РКШОЖ шеңберінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді
"Көктем 2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Жамбыл облысының Азаматтық қорғау бойынша мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі ТЖ жоюға дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында облыс халқын қорғауды ұйымдастыру жөніндегі  шешімдерді пысықтау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.  Оқу-жаттығуға облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, Жергілікті атқарушы органдар, ТЖ қызметкерлері, Ішкі істер департаментінің бөлімшелері, Ұлттық ұланның әскери бөлімдері тартылды.  Облыстың ТЖ департаментінде облыстық Азаматтық қорғаныс қызметтері мен тіршілік ету нысандары өкілдерінің қатысуымен дағдарыс орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, облыстық ТЖ комиссиясының шұғыл отырысы өткізілді. Халықты, экономика объектілерін тасқын сулардан қорғауды және оларды апатсыз өткізуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі бағыттар айқындалды. Оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде тартылған құралымдар Жаңатас қаласындағы Бүркітті өзені, Байзақ ауданының Талас өзені, Қордай және Шу аудандарының аумағындағы Шу өзені, Құлан ауылындағы қорғаныс бөгетін нығайту бойынша жұмыстар жүргізді. Т. Рысқұлов ауданындағы ауылдарды көлбеу ағындардан қорғау, су басқан елді мекендердегі арық-дренаждық арналарды кеңейту, түбін тереңдету мақсатындағы жұмыстар нақты іс жүзінде орындалды. Зардап шеккен халықты орналастыру үшін 69 әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысан дайындыққа келтірілді. Оқу-жаттығу барысында "Дабыл-1001" және "Тасқын-2002" екі негізгі сигналдары бойынша азаматтық қорғау күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жою жөніндегі шешімдерді әзірлікке және қабылдауға келтіру бойынша теориялық және практикалық іс-қимылдар пысықталды. Оқу-жаттығуды өткізуге барлығы  810 адам және 153 техника бірлігі  жұмылдырылды. Жалпы, жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу хабарлау жүйелерінің дайындығын, тартылатын күштердің жұмысқа қабілеттілігін, өзара ақпарат алмасу сапасын тексеруге зор мүмкіндік берді. Қабылданған алдын алу шаралары ағымдағы жылдың көктемгі кезеңінде тасқын сулардың зардаптарын мен залалдарын азайтуға мүмкіндік береді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар