Без рубрики
Жамбыл облысында қызылша жұқтырғандар төмендеді - Ажар Ғиният
- авторjambylinfo.kz
- 9 қаңтар, 2024
- 252
Жамбыл облысында қызылша жұқтырғандар төмендеді - Ажар Ғиният
Қазақстан бойынша үш облыста, соның ішінде Жамбыл облысында қызылша вирусын жұқтырғандардың саны төмендеген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо.
Жалпы, Ажар Ғиният атап өткендей, 2023 жылдың желтоқсанында 11 облыста қызылша жұқтырғандардың саны өскен. Ал, алты облыста, атап айтқанда, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында эпидахуалдың тұрақтану үрдісі байқалды.
“Еліміз бойынша үш өңірде, яғни, Шымкент қаласында, Жамбыл және Ұлытау облыстарында сырқаттанған адамдардың саны бойынша төмендеу байқалды”,-деп атап өтті Ғиният.
ДСМ басшысы осы ретте қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында дәрігерлер бірқатар шараларлы қолға алғанын хабарлады.
“Былтыр осы ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді, бір жастағы және алты жастағы 700 мыңға жуық бала егілді. Бүгінгі таңда қосымша вакцинациялау аясында 930 мыңнан астам адам егілді, барлық жоспардан 62% қамтылды, күн сайын 20 мыңнан астам адам егіліп жатыр”,-деп мәлім етті Ғиният.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз