Без рубрики
Жамбыл облысында өзге пәтерлерді жалған құжатпен сатып жүргендер анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 14 қараша, 2023
- 186
Жамбыл облысында өзге пәтерлерді жалған құжатпен сатып жүргендер анықталды
Прокуратура 20 жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты қылмыстық істің бетін ашты.
Жамбыл облыстық прокуратурасы азаматтық істерді талдау нәтижелері бойынша нарықтық құны 300 млн теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңсыз иемдену схемаларын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қаскүнемдер Тараз қаласында иелері қайтыс болған немесе басқа мемлекетке көшіп кеткен иесіз пәтерлер мен үйлерді анықтап, жалған құқық белгілейтін құжаттарды жасап, басқа тұлғаларға сату мақсатында жеке бас пайдасына оларды иемденген. Аталмыш қылмыстар заңсыз шешімдердің қабылдануына ықпал еткен сотқа қолдан жасалған дәлелдемелерді ұсыну, жалған сот шешімдерін, заңсыз нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылған», - делінген ведомство хабарламасында.Облыс прокуратурасы пәтерлерді заңсыз иемдену фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша 6 қылмыстық іс тіркеді. Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес меншік иелері (өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер) болмауына байланысты аталған объектілер әкімдіктің талап қоюлары бойынша соттың иесіз деп танылуына және коммуналдық меншікке айналуына жататынын атап өту керек.
«Былтырғы жылы 20 объектінің 3-еуі бойынша 1 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ағымдағы жылы Тараз қаласы №2 сотының 2023 жылғы 6 қазандағы үкімімен 2 пәтерді жымқырғаны үшін екі тұлға 2-ден 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды», - делінген прокуратура хабарламасында.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Жылжымайтын мүліктің қалған 15 объектісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз