Жамбыл облысында өзге пәтерлерді жалған құжатпен сатып жүргендер анықталды
Жамбыл облысында өзге пәтерлерді жалған құжатпен сатып жүргендер анықталды
Прокуратура 20 жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты қылмыстық істің бетін ашты. Жамбыл облыстық прокуратурасы азаматтық істерді талдау нәтижелері бойынша нарықтық құны 300 млн теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңсыз иемдену схемаларын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыс прокуратурасы пәтерлерді заңсыз иемдену фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша 6 қылмыстық іс тіркеді. Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес меншік иелері (өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер) болмауына байланысты аталған объектілер әкімдіктің талап қоюлары бойынша соттың иесіз деп танылуына және коммуналдық меншікке айналуына жататынын атап өту керек.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Жылжымайтын мүліктің қалған 15 объектісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.