Жамбыл облысында жыл соңына дейін IT саласында 50 жаңа жұмыс орны ашылады
Жамбыл облысында жыл соңына дейін IT саласында 50 жаңа жұмыс орны ашылады
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының «ІТ компанияларда кемінде 150 мың жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы және «Цифрландыру, инновациялар және ғылым есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көрсеткіштерінің өңірлер бөлінісіне сәйкес Жамбыл облысында 2023 жылдың соңына дейін 50 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда". Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабеков мәлімдеді.
Қазіргі уақытта электрондық еңбек биржасы арқылы 9 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ басқарма басшысы Jambyl 109 қызметі бойынша да атқарылған жұмыстарды баяндады.