сенбі, 16 қараша, 2024 16:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқылануда

Жамбыл облысының аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқылануда
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқылануда
Облыста 2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспар аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов іс-сапармен Тұрар Рысқұлов ауданында болып қайтты. Сапар барысында ол үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен, өзге ұлт өкілдерімен және аудан активімен кездесті. Кездесулердің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндірумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың концепция жобасын таныстыру. Алғашқы басқосуда Бақытжан Мақсұтұлы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ең маңызды басымдығы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеудегі этномәдени, діни бірлестіктердің рөлін ерекше атап өтіп, заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар туралы сөз қозғады. «Үздік халықаралық тәжірибені, қоғам мен бизнес өкілдерінің, сарапшылардың пікірлерін, азаматтардың ұсыныстарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелерін ескере отырып, алдағы 5 жылға аталған Тұжырымдаманың жобасы дайындалды. Құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы маңызды жетістіктер мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру бойынша одан әрі бағдарлар берілген. Сонымен бірге, бүгін біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық белсенділік танытуға дайын әрбір адамның пікірін тыңдап, ескеруге жиналдық. Бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіре отырып, біз азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыра аламыз. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасы басым болуы керек. Бұл сана мен адамгершілік негіздерінің өзгеруінен, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетінің қалыптасуынан көрінеді»,-деді Бақытжан Ниязов. Жиынға қатысушылар жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың концепция жобасын талқылау барысында өз ойларын білдіріп, ведомствомен әрі-қарай бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді. Аудан активімен өткен мәжілісте мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндалып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғаны туралы аталып өтті. Спикер сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық-құқықтық статистика деректерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарға сыйақы берудің сараланған жүйесіне де ерекше назар аударды. Бұдан басқа, жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі туралы баяндалып, жергілікті атқарушы органдардың басшылығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларын күшейту бойынша мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында жұмысты күшейту тапсырылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар