Без рубрики

ЖАМБЫЛДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

ЖАМБЫЛДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады. width=

Жуалы ауданы Талапты ауылы Ш.Мұртазаның әдеби-мемориалды музейінің аумағында өткен шара барысында ұлттық спорт ойындар, көрме, театрландырылған көрініс және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

- Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері! Сіздерді Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамыз төл өнеріміз бен мәдениетімізді өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге осындай жауапкершілігі мол, жүгі ауыр саладағы еңбектеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Еліміздің рухани-мәдениетін нығайту жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін,- дей келе Нұржан Нұржігітов бірқатар сала қызметкерлеріне түрлі марапаттарды тапсырды.

Нақтырақ айтқанда 40-тан астам мәдениет мамандары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Жамбыл облысы әкімінің, арнайы стипендиясымен, «Құрмет»грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев пен белгілі әнші-композитор, Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев та іс-шараға арнайы келіп, өз лебіздерін білдірді. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай дамереке иелерін құттықтап, бірқатар мәдениет қызметкерлерін марапаттады.

 width=

Шара концерттік бағдарламаға, тартысты ұлттық спорттық ойындар жарысына ұласты.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі