Жамбылда ұсталғандардан 84 қару-жарақ тәркіленді
Жамбылда ұсталғандардан 84 қару-жарақ тәркіленді
Жамбыл облысында жағдай тұрақталды. Ахуал жергілікті биліктің құрған жедел штабтың бақылауында. Облыс орталығы Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 200-ден аса құқық қорғау қызметкері түрлі дене жарақатын алған.Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2000 мыңға жуық. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған. Бүлікке қатысушылардың басым бөлігі 17-25 жас аралығындағы жастар.Жедел операциялардың нәтижесінде 295 күдікті ұсталып, 19-ы соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 84 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Олардың 114-іне әкімшілік іс қозғалған (108 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 3-іне айыппұл салынып, 3-іне ескерту берілген).6 мемлекеттік ғимарат (облыс әкімінің аппараты, «Nur Otan» партия филиалы, Полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі), 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.Алдын-ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 млрд теңгені құрайды.Бүгінгі күні зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 21 арнайы техника, 160 жұмысшы тартылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде.