Жамбылдық ерікті Министрдің алғыс хатымен марапатталды
Жамбылдық ерікті Министрдің алғыс хатымен марапатталды
Жамбылдық ерікті Еркін Әбдиевтің белсенді қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан лайықты бағаланды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жұмысына риясыз көмек көрсете отырып, Еркін Әбдиев есірткіге қарсы күреске бағытталған түрлі іс-шараларға үнемі белсене қатысады.
Оның еңбегін ескере отырып, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов жас еріктіге ҚР Ішкі істер министрінің атынан алғыс хат табыс етті. – Мен үшін бұл – жоғары марапат! Менің жұмысым туралы Ішкі істер министрлігінде белгілі болғаны өте қуантады.
Мен қоғамға нақты пайда әкелетін осы бағыттағы жұмысымды жалғастыра беремін, – деп ағынан жарылды Еркін Әбдиев.