Жапонияда жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 24-ке жетті
Жапонияда жер сілкінісінен қайтыс болғандардың саны 24-ке жетті
Жапонияның орталығындағы Ното түбегі мен оның маңындағы аудандарда болған зілзаладан 24 адамның қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 балл болды.
Сонымен қатар, ол үкімет кемелер арқылы көмек жеткізуді үйлестіріп жатқанын айтты. Сондай-ақ, 1000-ға жуық құтқарушы көмек көрсету жұмыстарына қатысуда. Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Вадзима қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай жерде болған. Тереңдігі – 16 шақырымды. Бұл – елдің сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша максималды 7 магнитудасы. Мұндай магнитудалық жер сілкінісі соңғы рет 2018 жылы Хоккайдо қаласында тіркелген.