Қарағандыда дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы көз жұмды
- авторjambylinfo.kz
- 7 қазан, 2024
- 236
Қарағандыда дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы көз жұмды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты", - делінген хабарламада.
Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соталды тергеу басталғаны айтылды.
"Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртсөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады! ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз