Димаш Құдайберген лауазымды қызметке тағайындалды
Атақты әнші 30 жаста
Белгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар.
Хатшылық отырысына қатысушылар осы бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады.
Қалған Ізгі ниет елшілерінің тізімі мынандай:
Иерусалим Патриархы III Феофил;
Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;
Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;
Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен.