жексенбі, 13 сәуір, 2025 5:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанның шет мемлекеттердегі елшілері тағайындалды

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанның шет мемлекеттердегі елшілері тағайындалды
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысының жарлықтарымен кадрлық өзгерістер орын алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстанның Үндістан Республикасындағы, сондай-ақ Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан және Мальдив елдеріндегі елшілік қызметтерінен босатылды.

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елші қызметінен босатылды.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар